Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызың ұйымдастыруымен мешіт ауласында "Қайрымдылық жәрмеңкесі" өтті.
Қыз-келіншектер, мешіт шәкірттері түрлі тіске басар тағамдар мен тәттілер пісіріп, жамағатқа ұсынды. Игі бастама аясында жасалған жәрмеңкеден түскен қаражат әйелдер дәрісханасына жұмсалмақ. Бір кісідей атсалысып, қайырымды іске қолқабыс қолған қыздарға мешіт имамы алғасын білдірді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі