Ізгі қоғам бағыты аясында Шу мешіттерінің арасында әр сенбі сайын кіші футбол ойыны жүргізілуде. Шараға өңір бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы да қатысып, жамағатпен спорттық ойында бас қосуда.
Үлгілі қоғам, игі орта қалыптастыру, салауатты өмір салтын сақтай отырып, спорттық ойындағы мұсылман әдебін көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған шара көпшіліктің көңілінен шығып, ойыншылар саны әр апта сайын артуда.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі