Қасиетті жұма күні "Төле би" мешітінің ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Үйден халал мәзірмен түрлі дәмді тіскебасарлар мен тәттілер пісіріп, келуші жамағатқа ұсынылды.
Айта кетейік игі науқаннан жиналған қаражат әйелдер сыныбын жасауға жұмсалмақ. Аталған мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы атсалысқан қыздарға алғыс айтты. Жамағат та жиі жәрмеңке ұйымдастырылса деген тілектерін жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі