Мойынқұм ауылында ұлттық нақышқа сай киім дүкені ашылды. Аудан имамы Рысбай Еспенбетов ашылу салтанатына арнайы қонақ болып шақырылды.
Биылғы жыл ҚМДБ-ның “Дін мен дәстүр” жылы деп бекітілгені баршаға аян. Дін мен дәстүрді бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Себебі ұлттық құндылықтардың барлығы дінмен сабақтас. Осы орайда, Мойынқұм ауылында дәстүрлі ұлттық “LAU-BREND” дүкені ашылды. Дүкеннің мақсаты – ұлттық нақыштағы қазақы бренд киім үлгілерін халыққа ұсыну болмақ. Шариғаттың талаптарына сай келетін бұл киімдер ауыл тұрғындарына ауадай қажет екендігі анық.
Мойынқұм тілшісі