Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық "Орталық спорт сарайында" жасөспірімдер арасында шағын футболдан "Ер есімі - ел есінде" атты жарыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жас спортшыларды салауатты өмір салтын ұстанып жүруге баулу әрі елдің ертеңгі ерлерін дайындап шығару болмақ. Ұялы телефонға тәуелді болған уақытта баланың ойын спорттық ойындар мен кітап оқуға үйрету қажеттің үстіндегі қажеттілік болып табылады.
Жарыс қортындысы бойынша "Мойынқұм" командасы 1-ші орын иеленсе, 2-ші болып "Бірлік" командасы танылды. 3-ші орынды "Жамбыл" командасы қанағат тұтты. Алдағы уақытта да жарыс өз жалғасын таба бермек.
Ғабит Әлім
Мойынқұм тілшісі