Қыстың қытымыр уақытында отыны біткен көп балалы ананың үйіне"Мойынқұм" мешіт жамағаты бірігіп көмір түсіріп берді.
Жақсылықтың қарымтасы жақсылық демекші мешіт жамағаты әр кез мұқтаж болған жанұяларға көмектерін көрсетіп келуде. Азық - түліктен бастап киім - кешегі мен отын - суына дейін жәрдемші болып жүрген жомарт жамағатымыз баршылық. Көп түкірсе көл дегендей қажеттілігін өтінген жанұяларға бірігіп көмек қолын көрсетуге әр кез дайын тұрады. Алла бұл істеріне разы болып, отбасыларына берекеттер нәсіп етсін.
Ғ.Әлім
Мойынқұм тілшісі