Жамбыл облысы жастар ісі секторына жауапты маман, "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Есет Таласбаевтың ұйымдастыруымен Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы Ұйымдастыру бөлімінің маманы, Қазақстан студенттернің Альянсы төрағасы Дархан Қуанышұлы, Дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Нұрбек Жұмағалиұлы да қатысты.
"Жастар арасында діни экстремизм мен жат ағымның алдын алу" тақырыбы аясында баяндамалар жасалып, дін өкілі оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Исламтанушы жат ағым түрлері мен олардың нақты белгілеріне тоқталып, ақпаратты ҚМДБ әдебиеттерінен, сайттарынан алуға және дін жайлы сұрақтарды мешіттегі имамдарға ғана қоюға кеңес берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі