Жамбыл облысы жастар ісі секторына жауапты маман, "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Есет Таласбаев Тараз қаласындағы "Ұлттық ұлан" әскери бөлімшесінде әскерилермен жүздесті. Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген сарбаздармен "Жастар және ізгі қоғам" тақырыбында тілдесіп, насихат айтты.
Шараға 5513 әскери бөлімі әскери полиция қызметінің аға сержанты Азиз Мақсұтұлы да қатысып "Әскер және діни ұстаным" турасында баяндама жасады. 5513 әскери бөлімі 1-2023 жылғы шақырылымының жеке құрамымен өткен кездесуде еструктивті діни ағым түсінігінің мәні, суицидтің алдын алу турасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Білікті маман сарбаздардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, нақты дәлелдер мен мысалдар келітіріп өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі