#Тараз: Қайырымдылық - адам жанының жылуы

#Тараз: Қайырымдылық - адам жанының жылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Солардың бірі - "Кеңесхан қажы" мешітінің әйелдер жамағаты. 

Мешіт шәкірттері әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түлік толы себеттерді үйіне дейін жеткізіп берді. Отбасылардың хал-ахуалын біліп, көңіл сұрап, көмегін табыстап қайтты. Қайырымдылықты тұрақты амалға айналдырға қыз-келіншектерге көпбалалылар алғысын айтып, батасын жаудырды. 

Сонымен қатар Тараз шаһарында мұсылман киімдерін сатумен айналысатын дүкен жаңа киімдерді мешіт жамағатына алып келіп, кәсібінің зекеті, садақасы ретінде тарқатты. Қыздар өлшеміне қарай киімдерді таңдап, жомарт кәсіп иесіне береке тіледі. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: