Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылы «Қаракемер» мешітінің имамы Даулеткелді Жансакалов ауыл әкімшілігінде «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу өткізілді. Шарада діннің қоғамдағы ролі, біртұтас ұғым екендігі баса назар аударылды.
Діннің негізгі мақсаты - елдің бірлігі мен ауызбіршілігі, дәстүрлі діни бағытты ұстану керек екендігі айтылды. Дін туралы тек дін мамандарынан сұрау керек екендігін атап өтіп, діни сауаттылықты арттыруға шақырды. Шараға 9 адам қатысып, соңында сұрақтарға жауап берілді.