Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Қызылсай ауылының жастары ауылдан білім алып жатқан шәкіртке қаржылай сыйлықтарын табыстады.
2023-2024 жылғы оқу жылында Қызылсай ауылынан «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің қарилар дайындау орталығына 1 шәкірт түсіп, білім алып жатыр.
Осы орайда, аудан имамы ауыл жастарын жинап, шәкіртке қолдау көрсету керектігін жеткізіп, оның сауабы туралы уағыз-насихат жүргізген болатын.
Көп ұзамай ауыл жастары жиналып, шәкіртке көмек қолдарын созып, бұл бастамасы ғана екенін жеткізген. Көмекті аудан имамы арнайы өзі табыстап, шәкірттің ата-анасымен жолғып қайтты. АллаТағала Елімізден, Жерімізден Құран жаттаған қари, хафыздардың көптеп шығуын нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Мерк» ата» мешітінің баспасөз қызметі