Жамбыл облысы Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің найб имамы және Жамбыл облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты Ғайырфулла Әмірбеков Тараз қаласындағы «Құрал қажы» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Дін мен дәстүр» турасында уағыз айтты.
Ар-ұжданның ақ туын көтерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына осыншалықты кең-байтақ атамекенді аман-есен жеткізді. Сонымен қатар бізге ең басты байлық – дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз ділімізді, ұлттық болмысымызды, салт-сана, әдетғұрпымызды атаның батасымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарытып кетті. Ендеше «жаным арымның садағасы» деп мұсылманшылықты ту еткен сол баһадүр бабаларымыздың салып кеткен сара жолынан айнымағанымыз жөн.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі