#Меркі ауданы: Жаңа мешіттің құрылысын Құрбан айтқа дейін аяқтау жоспарлануда

#Меркі ауданы: Жаңа мешіттің құрылысын Құрбан айтқа дейін аяқтау жоспарлануда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауылында жаңа мешіт бой көтеруде. Аудан бас имам Азамат Берікұлы мешіттің құрылысымен танысып, істің басы-қасында жүрген бауырларымызға күш-қуат, қажыр-қайрат тілеп дұға жасап қайтты.

Айта кетейік, мешіт ғимараты бір мезетте 700-ге жуық адамға қызмет көрсетеді. Мешіт ғимараты жер төледен, негізігі қабат және қосалқы қабаттан тұрады. Мешіт мұнарасы 10 м биіктікке негізделген.

Алланың жердегі үйі болатын мешіт – қастерлі орын, оның құрылысына қолдау көрсетіңіздер, мешіт құрылысына көмектескен адамның алар сауабы өте зор.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Аллаға сенгендер, ақиретке сенгендер Алла Тағаланың үйлерін көркейтеді» дейді. Бұл өте сауапты іс. Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға һижрат еткен кезде алғашқы жұмысын мешіт салумен бастаған.

Пайғамбарымыз хадисінде: «Кім де кім өмірінде бір мешіт соқса, Алла Тағала оған қияметте өзі соққан мешіт сияқты жәннатынан үй салып береді» деген.

Осы мақсатта Меркі ауылында зәулім мешіт құрылысы жүріп жатыр. Халқымыз «Азанды ел азбас» деген, бүгін іргетасы қаланып отырған мешіт ғимараты халықты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелейтін орын болғай!

Жаңа мешіт құрылысы халықтың, жекелеген азаматтардың қаржысына салынып жатыр. Дінге шын жаны ашитын азаматтар ат салысып, мешіт қорына үлес қосады деп ойлаймыз.

Мешіт құрылысын қасиетті Құрбан айт мейрамына дейін бітіру жоспарлануда. Сондықтан барлық исі мұсылман бауырларымызды, осындай игі іске ат салысуға шақырамыз.

Осындай игі іске ат салысып жатқан азаматтар мен ниет білдіріп жатқан жандардың Алла Тағала отбасыларына, мал-жандарына, кәсіптеріне береке берсін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, М. Мәметова көшесі, 125 үй.
Kaspi.kz: 4400 4801 0877 0576
+7 705 444 58 10 Иса С.


Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: