Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты қызметкердің сырқаттанып, жан сақтау бөліміне түсіп қалғанын естіп, аудан имам-молдаларына дұғада болуларын өтінген еді.
Мешіт қызметкерінің аудандық емханада жан сақтау бөлімінен басқа бөлмеге ауысқанын естіп, дереу қал жағдайын білу үшін Тәтті ауылының имамы Асхат Көпбосыновты зиярат етіп қайтты.
Зиярат етіп келген бауырларын көрген Асхат ағамыз көзіне жас алып, көңілі босап, алғысын білдірді. Алла Тағала Асхат ағамызға шипа беріп, ғұмыр жасын ұзақ қылсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі