Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні Меркі ауданына қарасты «Жарас ата» мешітінің имамы Көктал Мадиярдың ұйымдастыруымен «Берекелі жұма» науқаны өтіп, қайырымдылық жасалды.
Науқан аясында 5 отбасыға күнделікті тұрмысқа қант, сұйық май, күріш, макарон, шәй және т.б. қажетті азық-түлік таратылды.
Көмек алған отбасылар демеушілік жасаған және осы іс-шараны ұйымдастырғандарға алғыстарын білідіріп, баталарын берді.
Алла Тағала берген нығметтерді өзгелермен бөлісіп жүрген, шүкіршілігін білдіріп, демеушілік жасап жүрген бауырларымыздың амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі