Меркі ауданы, Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікханның мұрындық болуымен ауылға қарасты қарапайым отбасыларға қамқорлық көрсетілді.
Атап айтсақ, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік сатып алынып, қарапайым отбасылардың үйлеріне жеткізіліп берілді. Көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, рақметтерін айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



29 Сентябрь 2026
16 Раби-сани 1448

