Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен аудан имамдарына «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.
Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы аудан имамдарына халықпен етене араласып, уағыз-насихат жұмыстарын көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар уағыз айтудың әдебін жан-жақты түсіндіріп берді. Уағыз айтылатын орындарға мән беріп, киім үлгісінен бастап, сөйлеу әдебі, әлеуметтік желідегі уағыз әдебінде сөз етті. Жиын соңында елімізге, жерімізге дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі