Меркі ауданына қарасты «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбай ауылда тұратын жалғыз басты ананың жағдайын біліп, көмегін беріп қайтты.
Қымбатшылық заманда бала-шағаны асырап бағу оңай шаруа емес. Бірақ, ешкімге сырын білдірмей, отбасын асырап келе жатқан жалғыз басты аналарымыз қаншама.
Осы орайда, ауыл имамы ауылға қарасты жалғыз басты анамыздың жағдайын естіп, анамыздың үйіне барып жағдайын біліп, қаржылай сыйлығын беріп қайтты. Көмек алған ана ауыл имамына алғысын білдіріп, рахметін айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі