Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылының әкімшілігінде "Әдептілік – адамгершілік кепілі" тақырыбында Айша бибі ауылының имамы Қатарбай Таджибаев мекеме қызметкерлерімен кездесті.
«Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында әдептілікке ерекше мән берілген» - деп атап өтті ауыл имамы. Шараға 10 адам қатысты.