Жамбыл ауданы №6 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Әлім Ибрагимов қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Тақырып жан-жақты талқыланып түсіндірілді.
«Ислам бейбітшілік пен амандық деген мағынаны беретіндіктен исламда экстремизм мен терроризмге орын жоқ. Дінімізді маманы болмағандар мен хабарсыздар былғағысы келеді. Діни сауатты болу - заман талабы» - деп атап өтті «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы. Шара соңында сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді. Шараға 21 адам қатысты.