Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Әлім Ибрагимов Аудандық мәдениет үйінде «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде радикализмнің жеке тұлғаға да қоғамға зардаптары орасан зор екендігі, негізгі мақсаттары елдің бірлігі мен ауызбіршілігін бұзу, талқандау болған бұндай ағымдар мен секталардан алыс жүруге шақырды. Діни мәселелерді тек мамандарын сұрауға керек екендігін атап өтіп, дәстүрлі бағыт пен діни сауаттылықты арттыруға шақырды.
Дініміз тек жақсылық пен ізгілікке шақырушы. Адам баласына ғана емес, жан-жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіруге болмайтындығы айтылған. Шараға 27 адам қатысып, соңында сұрақтарға жауап берілді.