Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылы, «Айдарбек ата» мешітінің имамы Ерлан Жанкараев қатысуымен ауылдық мәдениет үйінде «Қазақстандағы дінаралық және ұлтаралық келісім» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде ислам дінінің ұлттарға бөлінуге болмайтындығы мен діндераралық келісімге шақыратындығы айтылды.
Ислам жеке тұлғаға да қоғамға зардап емес, керісінше пайда беру негізгі мақсаты болып табылатындығын жеткізді. Дініміз тек жақсылық пен ізгілікке шақырушы Алланың ұлттар мен ұлыстарды тану үшін, бөліну емес, жаратқандығын атап өтті.
Шараға 24 адам қатысып, соңында сұрақтарға жауап берілді.