Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жәнібекұлы ауданға қарасты имам-молдаларды жинап, осы жылдың жоспарын жүйелі түрде түсіндірді.
Биылғы жылды Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндамасында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы етіп жариялап, былтырғы 5 бағыт бойынша жұмыс жасауға шақырды. Осыған байланысты басты назар «Дін мен дәстүр» бағытына түсетіндігін жеткізді. Әрбір бағыт пен бөлімдерге жауапты дін қызметкерлері тағайындалып, сол бағыттың жұмысын жоспар бойынша іске асыруға тапсырма берді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі