Бала көтере алмайтын әйелдерге жоғарыдан қарауға бола ма?

Бала көтере алмайтын әйелдерге жоғарыдан қарауға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында бір сіңіліміздің баласы жоқ әйелдер туралы «олар толыққанды әйелдер емес» деп айтқанын естіп, бала көтере алмайтын нәзік жандар үшін жүрегім ауырып кетті. Тарихи деректерден белгілі болғандай, біздің Айша анамыздың (р.а.) да баласы болмаған ғой. Бала көтере алмайтын әйелдерге осылай жоғарыдан қарауға бола ма?

Әйел балалы бола ма, жоқ па оны Бір Алла ғана біледі әрі бұл тек Оның қалауымен ғана жүзеге асатын амал, сондай-ақ, нәрестенің ұл не қыз болатынын да Алла Тағала шешеді. Тек Жаратушының ғана қалауымен кейбір әйелдер бала көтере алмайды. Бұл жөнінде Құранның келесі аятында былай айтылған:

{يَهَبُ لِمَنْ يَشَاءُ إِنَاثًا وَيَهَبُ لِمَنْ يَشَاءُ الذُّكُورَ (49) أَوْ يُزَوِّجُهُمْ ذُكْرَانًا وَإِنَاثًا وَيَجْعَلُ مَنْ يَشَاءُ عَقِيمًا إِنَّهُ عَلِيمٌ قَدِيرٌ} [الشورى: 49، 5

«Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа қыздар, кімге қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол, толық білуші, аса күшті!» (42:49-50).

Келтірілген аяттан көріп тұрғанымыздай, балалы болу, болмау адамның құзырында емес. Егер әлдебіреу бала көтере алмайтын әйелге жоғарыдан қарайтын болса, онда бұл надандықтың белгісі, білімсіздіктен жасалған іс.

Бала көтере алмайтын әйелді Алла Тағала Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйікті әйелдерінің бірі Айшаға (р.а.) ұқсас етіп жаратқан, өйткені тақуалардың анасы Айша (р.а.) да бұл өмірден баласыз өткендігі белгілі. 

Бұл дүниеден ана аталмай өткен әйелдер туралы Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Менің үмбетімнен кімде-кімнің екі баласы ата-анасынан бұрын өлген болса, олар осы балалардың арқасында Жұмаққа кіреді».

Мұқият тыңдап отырған Айша анамыз (р.а): «Ал өзінен бұрын өлген бір баласы бар адамға не болады?» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қайғыға сабырлық танытқаны үшін бұл баланың да ата-анасы Жұмаққа кіре алады», - деп жауап береді. Сонда Айша анамыз (р.а.): «Ал балалары болмаған адамдар ше?» - деп сұрайды. Бұл сұраққа Пайғамбарымыз (ﷺ): «Онда олардан бұрын мен барып, оларға Жұмақтан орын дайындаймын», - деген екен».

Ал Алла дұрысын біледі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: