Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы жамағатқа "Дұға ету әдептері" туралы уағыз-насихат айтты.
"Дұға қылудың да өзіндік әдебі бар. Дұға жасамас бұрын тәубеге келіп, Алла Тағаланы ұлықтап, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтқанымыз абзал. Ол үшін адамның жүрегі мен ниеті таза болуы тиіс. Дұға тілеу үшін еңқолайлы сәт – намаз уақыттары. Сондай-ақ, таң сәріде, жаңбыр жауған сәтте, намазға тәкбір айтылар алдында да дұға қабыл болады. Ораза тұтушы адамның Алла дұғасын қайтармайды. Пенденің Аллаға ең жақын болатын кезі – ол сәжде. Дұға қылған кезде екі қолды жоғары көтеріп, жүзін құбылаға қарату керек" - деп атап өтті ұстаз.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі