Қаңтардың қатал суығында Мойынқұм ауылының жастары сыртта жұмыс жасап жатқан халыққа ыстық шай мен тіске басар дәмділер таратты.
Жақсылықтың үлкен кішісі болмайды дегендей. Әр-бір халыққа жасаған жақсылықтар адамның көңіліне жылулық ұялататындығы белгілі. Жастардың адамдарға ұсынылған осы бір ыстық шайының себебімен үлкендердің көңілдері көтеріліп, жастарға алғыс сөздерін жаудырып жатты.



11 Август 2026
26 Сафар 1448

