Аудан имамы Рысбай Еспенбетов Мойынқұм аудандық спорт кешеніне барып жатықтырушылар мен жас спортшылармен кездесті.
Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ демекші, жас спортшылармен кездесу барысында бас имам салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы әрі болашақта өміріңнің дұрыс бағытта болатындығына спорттың септігі молырақ екендігін түсіндірді. Сөз соңында жат жолға еріп кетпеудің зияны тұрғысында да сөз қозғап кетті.