Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы және ауыл имамдары аудандық әкімдікте діни сарында өткен жиынға қатысты. Жиынның басында ең алғашқы боп Сұлтаншәріп қажы «Дін саласы бойынша атқарылған жұмыстардың барысы» туралы баяндама жасады.
Кейін ауыл әкімдері өз баяндамаларын кезек-кезек жасап, оларға ауылдардағы діни ахуал жайында сұрақтар қойылды. Ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты арасындағы жат ағым өкілдерімен жұмысты жандандыруды және оларды Ханафи мәзһабына бейімдеуді тапсырды.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі