Меркі ауданы, Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікхан ауыл әкімшілігіндегі қайырлы кездесуге қатысып қайтты.
Жиында ауылға қарасты аз қамтылған, қарапайым отбасыларды жағдайы сөз болды. Келелі жиында мешіт атынан қаржылай көмек табысталды. Атап айтсақ, Сарымолдаев ауылдық округінде тұратын аз қамтылған, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға көмек ретінде Екпінді ауылының тұрғыны кәсіпкер ағамыз 200 мың теңге және «Рахымбай ата» мешітінің атынан 200 мың теңге көлемінде көмек берілді.
Ауыл әкімі қайырымды іс-шараны ұйымдастырып, есебін беретінін жеткізді. Алла Тағала ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі