#Меркі ауданы: Бас мүфтидің 2024 жылғы баяндамасы насихатталды

#Меркі ауданы: Бас мүфтидің 2024 жылғы баяндамасы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірер күн бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады.

Жиында ҚМДБ Төрағасы: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқанын жақсы білесіздер. Осындай мәселелер мен бастамаларды ескере келе, діни қызмет аясында 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді деп сенемін», - деп 2024 жылдың бағыт-бағдарын бекітті.

Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен аудан имамдары мешіт жамағаттарына ҚМДБ-ның төрағасының бағдарламасын баяндап берді.

Жиында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің «Өнегелі отбасы», «Хадистану», «Мәуліт жырлары», «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті», «Мешіт жамағатымен ізгі қоғам», мүмкіндігі шектеулі жандарды да ұмыт қалдырмай оларға білім беру және қазіргі таңдағы өзекті мәселе су тапшылына тоқталып, суды ысырап етпеу сынды бағдарламасымен таныстырды.

Алла Тағала Елімізге тыныштық, Жұртымызға амандық берсін!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: