Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Көкөзек ауылы «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлы мен мешіт жанашыры Асылбек Жасұзақұлы қасиетті жұма күні «Жұмадан қайырымдылық» акциясы аясында «Шын жүректен» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шара аясында жағдайы төмен 25 отбасыға азық-түлік өнімдері алынып, 250 мың теңге қаражат жұмсалды. Көмек алған жандар осы шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.