«Тілеш қажы» мешіті Ережеп айы құрметіне көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық жасады. Мешіт қызметкерлері азық-түлік салынған дорбаларды екі жанұяға табыс етті.
Алланың айындағы мешіттің қайырлы да, сауапты ісіне аналар алғыстарын білдірді. Осындай жақсы іске бастама көтеріп, жәрдемдескен әрбір жанға Алланың нұры жаусын!