Сұрақ: Туыстарым менің мерейтойыма алтыннан оюланып, безендірілген қаламсап сыйлаған еді. Менің сұрайын дегенім – осы қаламсапты қолдануыма бола ма?
Жауап: Қыз-келіншектерге алтыннан, күмістен жасалынған кез-келген әшекейлерді тағуына, қолдануына рұқсат етілгендігі жақсы мәлім. Ал ер адамдарға күмістен жасалған сақина тағуға рұқсат етілген. Асыл металдан жасалған ыдыстар мен тұрмыста қолданатын бұйымдарды қолдану мәселесі мүлде бөлек нәрсе болып табылады.
Хадистердің бірінде былай айтылған: «Алтын не күмістен жасалған ыдыстан ішіп-жемеңдер, өйткені бұл дүниеде оларды иман келірмегендер қолданады, ал ақиретте – біз қолданатын боламыз» (Зейлаи, Насбур-Райе, IV/220; Макдиси, әл-Мухаррар, I/90-91).
Аталмыш хадисте еркек не болмаса әйел деп бөліп-жарып айтылмаған, сол себепті ер адамға болсын, не қыз-келіншектерге болсын асыл металдардан жасалған үй тұрмысына қажетті бұйымдарды, сондай-ақ, алтыннан не күмістен жасалған ыдыстарды, асхана аспаптарын қолдану қажетсіз болып табылады.
Ал жүздері күмістен болып келетін семсер мен пышақты қолдануға рұқсат етілген, ал егер аталмыш бұйымдардың жүздері алтынмен безендірілген болса, онда оларды қолдану қажетсіз (Аляуддин Абидин, әл-Хидайа, 231-232).
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алтыннан оюланып, безендірілген қаламсапты қолдану да қажетсіз болып табылатындығын атап өтеміз.