Садақа берген жан - сыйға бөленеді

Садақа берген жан - сыйға бөленеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кез-келген жанға адал жүрек, шын ниетпен берілген садақа, Алланың қалауымен,  қабыл болады, ал сол садақаны берген адам сыйға кенеледі.

Бұл жөнінде мынадай бір хадис келтірілген:

«Күндердің күнінде бір адам өзіне: «Мен міндетті түрде бір мұқтаж жанға садақа беремін», - деп сөз береді. Үйінен ақша алып, түнде көшеге шығады, алдынан шыққан адамның ұрлықшы екенін білмей оған садақасын бере салады.

Ертеңінде қала тұрғындары: «Міне, қызық! Өткен түні біреу ұрлықшыға садақа берпіті!» - деп шулайды.

Мұны естіген садақа беруші: «Уа, Алла! Саған шүкірлер болсын. Мен міндетті түрде тағы да садақа беремін», - деп айтады. Сол түні үйінен ақшасын алып, тағы да көшеге шығады. Бұл жолы ол өзі білмей садақасын жезөкше әйелге береді.

Келесі күні қала тұрғындары: «Адам айтса нанғысыз нәрсе! Өткен түні біреу жезөкшеге садақа беріпті», - деп айтып жүреді.

Мұны естіген садақа беруші адам: «Уа, Алла! Жезөкше болса да бір адамға болсын садақа бере алғаным үшін Саған шүкірлер болсын. Мен міндетті түрде тағы да садақа беремін», - деп айтады.

Қараңғы түскенде, ол тағы да ақшасын алып, үйінен шығады. Бұл жолы өзі білмей ол садақасын бір бай адамға береді.

Ертеңінде қала халқы: «Таңғаларлық дүние! Өткен түні біреу байға садақа беріпті», - деп шулайды.

Мұны естіген садақа беруші: «Уа, Алла! Ұрлықшыға, жезөкшеге және бай адамға садақа бере алғаным үшін Саған сансыз шүкірлер болсын», - дейді.

Өзінің осынау адал ниетіне қарай садақа беруші адам бір керемет түс көреді. Түсінде оған былай айтылады:

«Сенің ұрлықшыға берген садақаң, оның ұрлықтан бас тартуына көмектесер. Жезөкшеге берген садақаң, оның тәубесіне келіп, тақуа әйел болуына себепші болар. Ал бай адамға берген садақаң, оған жақсы сабақ болар, ендігәрі ол өз мал-мүлкін мұқтаж жандарға көмектесуге жұмсайтын болар» (Бұхари, Зекет, 14).

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: