Иманыңыздың қаншалықты берік екенін білгіңіз келе ме?

Иманыңыздың қаншалықты берік екенін білгіңіз келе ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Араб тіліндегі  «иман» термині нақты әрекеттерді талап ететін құбылыс.  Нақты әрекеттерді көптеп жасау арқылы ғана біз иманымызды нығайта түсеміз.

Бұл жөнінде Алла Тағала былай айтқан: «Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тоқтау салды» (48:4).

Сіздің иманыңыздың қандай халде екенін білгіңіз келсе, онда келесі сұрақтарға «үнемі/жиі», «кейде/сирек» немесе «жоқ/ешқашан» деген нұсқаларды таңдай отырып жауап беріп көріңіз:

1. Алланы жиі есіңізге аласыз ба?

«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар» (2:152).

2. Алланы еске алу арқылы жаныңыз жай таба ма?

«Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28).

3. Аллаға тәуекел етесіз бе?

«…Алланың қасындағы нәрселер иман келтіріп, Раббыларына тәуекел етушілер үшін қайырлы да тұрақты» (42:36)

4. Өміріңіздің мәні бар деп ойлайсыз ба?

«Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (51:56)

5. Жүрегіңіз қаншалықты нық?

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Алланың құлының жүрегі жүрегі нық болмай, оның иманы нығаймайды» (Ахмад).

6. Күнәларыңыз жаныңызды жегідей жей ме?

«...Ол не деген жақсы құл. Өйткені ол, өте бой ұсынушы» (38:44).

7. Қаншалықты сабырлысыз әрі кешіре білесіз бе?

«Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы» (42:43).

8. Мінезіңіз жақсы ма?

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Таразыда жақсы мінезден артық ауыр тартатын ештеме жоқ. Ақиқатында, жақсы мінез иесі ораза ұстағандар мен құлшылық еткендердің дәрежесіне қол жеткізеді» (Әбу Дәуд, Тирмизи).

9. «Өзіңе не тілесең, өзгелерге де соны тіле» деген қағиданы басшылыққа аласыз ба?

«Өзіне не тілегенін, бауырына да тілемейінше, ешкім де иман келтірмейді» (Бұхари, Мүслим).

Егер сіздің жауаптарыңызда «үнемі» немесе «жиі» көп болса, онда сіздің әрекеттеріңіз, сіздің иманыңыздың көрінісі деп біліңіз. Сізді құттықтауға болады. Алла Тағала сіздің жүрегіңізге иман ұялатқан! Осы қалпыңыздан ауытқымаңыз әрі әрдайым одан да жақсы болуға ұмтылыңыз.

Жоғарыда келтірілген сұрақтарға жауап беруде «кейде» немесе «сирек» көбірек болса, онда сіздің иманыңыз біраз әлсіреген. Уайымдамаңыз, негізі, бұл қалыпты жағдай. Иман әлсін-әлсін әлсіреп отырады. Тіпті сахабалардың да имандары әлсіреп тұратын болған. Бізді Алла Тағалаға жақындататын жақсы амалдарды көбірек жасауға тырысыңыз.

Алайда сіз көп рет «жоқ» немесе «ешқашан» деп жауап берген болсаңыз, оның себебі мынада: сізде әрекет жоқ, ал әрекетсіз берік иманға қол жеткізу мүмкін емес, бірақ қолды бір сілтеудің қажеті жоқ, әрқашан да иманымызды нығайтып алуымызға мүмкіндік бар. Ең бастысы – Алла Разылығы үшін жасайтын амалдарымыздың көп болуы әрі Оған жақын болуымыз.

Жүрегіне иман ұялата білген адам – жан тыныштығына және қанағат деген сезімге қол жеткізе алатын болады. Ал қанағаты бар адам – дүниедегі ең бай адам. Барға – қанағат, жоққа – сабырлық таныта білейік, ағайын.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: