Мұсылман қыз-келіншектердің тырнақ өсіруі жайында...

Мұсылман қыз-келіншектердің тырнақ өсіруі жайында...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің асыл дініміз ислам ер адамның болсын, қыз-келіншектердің болсын тырнақтарын алып жүруін туа біткен табиғи нәрсе деп санайды.

Хадистердің бірінде Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:

خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ: الْخِتَانُ وَالْاِسْتِحْدَادُ وَنَتْفُ الْإِبْطِ وَتَقْل۪يمُ الْأَظْفَارِ وَقَصُّ الشَّارِبِ

«Бес нәрсе адамның туа біткен табиғи нәрсесі. Олар: сүндет, қасаға жүнін қыру, тырнақ алу, қолтық жүні мен мұртты алу» (Мүслим, Тахара, 49).

Аталмыш хадисте тырнақ алу – адамның туа біткен табиғи нәрсесі болып табылатындығы анық айтылған. Бұл хадисті басшылыққа ала отырып, ер адамдарға да, қыз-келіншектерге де табиғи нәрсе тырнақты өсіру емес, тырнақты алып жүру болып табылатындығын ескертеміз.

Медицина тұрғысынан да аяқ-қолдың тырнағын уақытлы алып жүру маңызды: тырнақтардың астына микробтар мен ауру тудырушы бактериялар жиналады, ал тамақтану кезінде олар адамның ағзасына түсіп кетуі әбден мүмкін.

Ер адамға болсын, қыз-келіншектерге болсын тырнақ өсіру мәкрүһ болып табылады. «Жезтырнақтың» тырнағындай сала-құлаш тырнақтар - қыз-келіншектердің көркі болып саналмайды. Кез-келген мұсылман ер-әйел өзінің туа біткен табиғи нәрселеріне сай әрекет етуі керек. Тырнақты алып отыру мерзімі қырық күнді құрайды, яғни, қырық күннен асырмай аяқ-қолдың тырнақтарын алып отырған абзал. Әр жұма сайын тырнақ алып отыру мұстахаб болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мұсылман қыз-келіншектерге айтарымыз: мұсылман емес әйелдерге еліктеп тырнақты ұзын етіп өсіру, неше-түрлі суреттер салдырту – мұсылман баласының туа біткен табиғи нәрсесі емес, керісінше, тырнақты қырық күнде бір рет алып отыру жөн. Және де тырнаққа арналған лакты жағу да қажетсіз дүние, өйткені дәрет алғанда адамның тырнағына су тиюі керек, ал лак жағылған тырнаққа су қайдан тисін?!...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: