Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың мұрындық болуымен ауылдағы жасы үлкен апамызға сыйлық жасалды.
Ауыл имамы демеушілік жасап арбаны әкеліп берген бауырымыздың сыйлығын табыстау үшін ауылдық емхана қызметкерлерінен мәлімет сұрап, апамыздың жағдайын естіген екен. Ауылдағы жасы келген апамыздың денсаулығы сыр беріп, сырқаттанып қалыпты.
Молдашев Нұрбол сыйлықты апамызға табыстап, апамыздың алғысы мен батасын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі