Меркі ауданы қарасты Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрбол ауыл әкімшілігі ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесіп «Жат ағым жарылқамайды» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ауыл имамы жат ағымның белгілерін айтып, ұлттық салт-дәстүрге, қазақилық болмысқа қауіп төніп тұрғанын жеткізіп, тұрғындарды жат ағымнан алыс болуға шақырды.
Жиын соңында ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


18 Ноябрь 2025
27 Джумада-авваль 1447

