Жуалы ауданы орталық «Толымбай тегі Змябек» мешітінде өңір имамдарының кезекті жиыны өтті. Шарада бас имам Ғалымжан Қонақбаев «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Құрбандық пәтуалары» және «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы турасында сөз қозғады.
Әр имамды жеке-жеке тыңдап, қандай мәселелер бар, ұсыныс пікірлерімен бөлісті. Жиналыста күнтәртібіндегі мешіт тазалығы, жылу, газет-журнал, қысқа дайындық мәселелері қаралды. Алда атқарылатын іс-шараларды пысықтап тапсырмалар берді. Сонымен қатар 5 бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар легі сөз болды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.