Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Жуалы ауданы, Қайрат ауылдық «Қайрат» мешітінің асханасында екі дүниенің сардары, ардақты Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) туған айына орай өткізілетін Мәуліт мерекесінде халық арасында Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірі турасында имам Сауранбек Бегәділұлы жамағатқа насихат жүргізді.
Мәуліт мейрамына жамағатқа ұзыннан ақ дастархан жайылды. Көпшілік уағыз тыңдап, бірге салауат айтты. Ақсақалдар батасын беріп, жамағат ризашылығын білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.