Намаз – құлды Раббысының разылығына бөлейтін ғибадат көздерінің ең үлкені және ең маңыздысы екені сөзсіз. Өйткені намаз қамтыған мазмұны мен дәрежесі тұрғысынан бұкіл ғибадаттардың шыңы, асылы. Әлемдегі бүкіл жаратылыс – Күн, көгал, шымдауыт, ағаштар Алланы зікір етеді. Ұшқан құстар, тау мен тастар Хаққа құлшылық етеді.
Намаз - ақыл-есі дұрыс, балиғатта толған әрбір адамға парыз. Парызды өтемекке ниет етіп жүрген жамағатқа және дін дәрісін алып жүрген "Бірлікүстем" мешітінің шәкірттеріне Зейне Жанатқызы намаз туралы арнайы дәріс өткізді.
Әуелі намаз туралы уағыз айтып, оның парыз болуы, хикметі мен намазы сыртындағы және ішіндегі парыздарын атап өтті. Ұстаз намаз оқудың үлгісін көрсетіп, қай іс-әркетте қай амалдың дұғаның оқылу керектігін нақтылады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі