Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Қандай заман болмасын маңайына шуақ сыйлайтын жандардың қатары сиремеген. Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда,Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» деп баяндалады.
Белбасар ауылдық әкімдігі мен "Хати Сауранбай" мешітінің ұйымдастырумен қайырымдылық науқаны жасалды. Игі шара аясында 20 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Барлық қажеттіліктері бар азық дорбасы әр шаңыраққа жеке-жеке апарылып, игі іске мұрындық болған жақсылар қарттардың батасын алып қайтты.
"Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Хақ Тағала Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген. Аят жолындағы «рызығымыздан жұмсайды» дегені – Алланың берген ризығын – Алланың разылығы үшін жұмсауға бұйырады, - дейді мешіт имам Бақыт Серікұлы.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі