Қайғырма да уайымдама!

Қайғырма да уайымдама!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қамшының сабындай қысқа өмірімізді ренішпен, қайғы мен уайымға салынумен өткізудің қажеті шамалы. Алла Тағала бізге мүмін болу бақытын нәсіп еткен, алайда көбіміз мұны жеткілікті түрде түсіне бермейміз. Өкінішке орай, көпшілік бізге нәсіп етілген ұлы игілікті байқаудан бас тартады.

Мұсылман – жеңілмейтін адам! Мұсылманның артында Алла Тағала тарапынан қандай күш, қандай құдірет пен қолдаудың тұрғанын әрбір адам білгенде ғой! Алладан қамқорлық пен жақсылық, көмек пен қолдау, сүйіспеншілік пен игілік. Бұл жөнінде Қасиетті Құранда былай айтылған: "Саған нендей бір жақсылық келсе, Алладан" (4:79).

Іс жүзінде, басымызға түскен қайғы мен уайымнан біз пана іздеуіміз керек, әйтпегенде олар түнерген қара бұлттай болып, біздің еңсемізді басып, анағұрлым жоғары мақсаттарға қол жеткізуімізге кедергі келтіретін болады. Уайым адамның күш-жігерін қажытып, денесін семдіріп тастайды. Уайым адамды әрекетсіздікке итермелейді. Уайымнан біздің жүрегімізге келіп кетер еш пайда жоқ. Адамды уайым-қайғыға салу – шайтанның ең сүйікті істерінің бірі, өйткені адам әрекет етуін тоқтатып, түзу жолдағы жүрісін жалғастырудан қайтып қалады. Алла Тағала былай айтқан: "Шын мәнінде құпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін шайтан ісі " (58:10).

Екі дүние бақытына кенелгісі келетін адам тура жолдан бас тарту арқылы ешқашан өзі қалаған игілікке қол жеткізе алмайтынын естен шығармауы керек. Исламда пенденің бақытын құрайтын үш нәрсе бар. Олар: Алла Тағаланың нәсіп еткеніне разы болатын жүрек, Алла Тағаланы еске алатын тіл және сабырлық таныта алатын дене.

Бақыт туралы жазылған кітаптарды қанша рет оқысақ та, бақыт келіп біздің басымызға өзі қона қалмайды, керісінше, сол бақытқа қарай қадам жасап, соған қол жеткізу үшін күш-жігер жұмсауымыз тиіс.

Адамның бақытты болуына не көмектеседі?

- Жақсы амалдар: "Ал және ер, әйел кімде-кім сенген түрде ізгі іс істесе, ал міне солар; жаннатқа кіреді. Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа бөленеді" (40:40).

- Тақуа ерлі-зайыптылар: "Олар: “Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!”- дейді"(25:74).

- Жайлы үй: "Уа, Алла, менің үйімді жайлы ете гөр!"

- Адал кіріс көзі: "Ақиқатында, Алла – Адал әрі Ол адал нәрседен басқаны қабыл етпейді".

- иесіне сүйіспеншілік танытқызатын көркем мінез: "Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де..."(19:31).

- Қарызсыз болу және ысырапшылдықтан бас тарту: "Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді" (6:141).

Баянсыз бұл бес күндік дүние үшін уайым жеп, қайғыға шомудың қажеті жоқ. Қалай бақытты болуға болады? Түкке тұрғысыз дүниелерге көңіл аудармауды үйреніп, онсыз да аз әрі қымбат уақытыңызды зая жібермеуге тырысыңыз. Мүмін адамдардың көздегені бұл дүние игілігі емес, мәңгілік дүние – ақиретте қайғы-уайымсыз болып, бақытты болу. Алла Елшісі (ﷺ) күллі иман келтіргендерге көркем үлгі болып табылады. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ)  бұл дүние игіліктеріне селқос қарап әрі оны пайдалануда ынсапты болуға үндеген. Сондай-ақ, адамзаттың көркемі (ﷺ)  былай айтқан: “Бұл дүниеде өзіңді жат елдік адамдай не болмаса жолаушыдай сезін”. Бұл оның үмбетіне қалдырған ғибратты өсиеттерінің бірі.

Адамзат баласы тіршілік етіп отырған дүние – сынақ орны әрі ол бейнет пен қасіретке, уайым мен қайғыға толы. Алайда бұл біз үнемі бейнет шегіп, азаптанып, жылап-сықтап, ешқашан күлмей жүру керекпіз дегенді білдірмейді. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: “Діндегі бауырыңа күлімсірей қарауың, сенің оған садақа бергеніңдей”. Күлкі мен орынды әзіл қуаныш әкеледі, көңіл-күйді көтереді. Негізінде, алыс аймақтардан бақыт іздейтіндер қатты қателеседі. Бақыттың кілті өзімідің қолымызда, алайда кейбір адамдар мұны байқамаса, ал кейбіреулер бақыттың өз қолында екені туралы тіпті де ойланбайды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: