Бір адам, бір адамды тәлкек қылмасын. Бәлкім ол одан жақсы шығар...

Бір адам, бір адамды тәлкек қылмасын. Бәлкім ол одан жақсы шығар...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер; жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей жаман. Ал кім тәубе қылмаса, міне солар залымдар» (49:11).

Аталмыш аятта айтылған адамды тәлкек ететін лақап ат жөнінде әртүрлі пікірлер келтірілген. Мысалы үшін:

1) Адамның ислам дінін қабылдағанға дейінгі өмірін есіне түсіретін лақап ат қоюға тыйым салынған.  

2) Сондай-ақ, алдында жасаған күнәлары үшін Алладан кешірім сұрап, тәубесіне келіп алған адамның бұрынғы күнәсін есіне түсіретін лақап ат тағуға да тыйым салынады. Мысалы, бұрында спиртті ішімдік ішіп, бірақ онысын қойып кеткен адамды «аййаш» деп айтуға болмайды.

3) Адамды «кәпір» немесе «мұнафық» деп айтуға болмайды  (Ибнуль-Джаузи, Задуль-Масир).

Исламда адамды ренжітетін немесе оған тіл тигізетін жаман лақап ат беру дұрыс болып табылмайды. Себебі адамды ренжітуге тыйым салынған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: