Эмоция мен ойлар мінез-құлықпен байланысты, бұл дегеніміз, егер адам мақсатты түрде өз ойларына ықпал ете алса, онда ол эмоциясы мен сезімін де билей алады. Және бұл адамның мінез-құлқын жақсы жаққа қарай өзгертеді.
Жұмыста ашуды жүгендеудің келесі қадамдық тәсілдемесін қолданып көруге болады:
- 1. Ашу шақыратын триггерлерді немесе факторларды анықтау.
- 2. Эмоцияға талдау жасау, эмоциялық реакцияны тудыратын оқиғаны анықтау.
- 3. Эмоциялық шиеленісушіліктен құтылуға көмектесетін оң дағдыларға ие болу.
- 4. Ашу реакциясын төмендететін ескертпелі шараларды қолдану.
Жұмыста ашуды басудың бірінші қадамы — жеке психологиялық триггерлерді анықтау. Бір адамның қытығына тиетін нәрсені, екінші адам көзіне де ілмейді.
Өз триггерін анықтап алған адам өзін қолында ұстайтын болады. Сезімдерінің себебіне талдау жасап, оларға қалай әсер ету жағын анықтайтын болады.
Жұмыс орнындағы эмоциялық триггерлер:
- Жете бағаланбау сезімі.
- Қызметкерлер жағынан жағымсыздық сезіну.
- Үлгере алмау себепті үнемі қысымды сезіну.
Ал жұмыс кезінде ашуға берілмес үшін үнемі дұға жасап жүру керек әрі ашу енді бастала бастағанда терең-терең демалып, біраз өз-өзін тыныштыққа шақырған абзал.
Ашу басталған кезде жасалатын оң амалдар:
- Ашу кезінде Алладан көмек сұрап, жан-тәніңізбен Оған сыйыныңыз, бірақ автоматты түрде зікір айта жөнелмеңіз.
- Ептеп мұрныңызбен ауа жұтып, аузыңыздан дем шығарыңыз. Өз дем алуыңызды бақылаңыз. Жүрек соғуыңыз қалпына келмегенше, біреумен тілдесудің қажеті жоқ.
- Өзгелерден оңашаланып, зікір айтыңыз, сондай-ақ, дұға жасаңыз.
- Құран оқыңыз немесе тыңдаңыз.
- Қалпыңызды өзгертіңіз, егер тұрып тұрсаңыз — отырыңыз немесе жатыңыз.
- Дәрет алыңыз.
Ашудың алдын-алу тәсілдері
Ашуға бой алдырмай, өзіңізді қолыңызда ұстай алатын жан болсаңыз – өте жақсы, бірақ ашудың алдын-алу тәсілдерін білгеніңіз аса маңызды. Егер сіз ашуға бой алдырғыш болсаңыз, мұндай тәсілдер сіздің өміріңіздің бір бөлігіне айналғаны дұрыс.
Негізгі тәсілдер мыналар:
- Құранды оқып, ойлануға үнемі уақыт табыңыз. Алла Тағала былай айтқан: «Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28).
- Алла Елшісінің (ﷺ) өмірбаянын оқып-біліңіздер, өз эмоцияңызды уысыңызда ұстап үйреніңіз әрі Пайғамбарымыздың (ﷺ) адамдармен қандай көркем түрде қарым-қатынс жасағанынан үлгі-өнеге алыңыздар.
- Жұмыс уақыты аяқталған соң отбсыңызға көңіл бөлмей қоймаңыз. Тіпті әлдебір жұмысыңызды үйге алар болсаңыз да жұмысыңыз күте тұрады: есіңізде болсын – үйде отбасы маңызды.
- Күйзеліске түсе бермес үшін, уақытыңызды тиімді пайдалануды үйреніңіз.
- Физикалық жаттығулар жасауға арнайы уақыт бөліңіз де үнемі онымен айналысып отырыңыз әрі әр апта сайын салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылыңыз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
Ашу триггерлерін белсенді түрде танып, алды-ала анықтап отыратын адамдар, өзінің және отбасының рухани және эмоциялық ахуалын уысында ұстайтын болады. Өз мінез-құлқын бақылай алатын адамның әр ісі қай жағынан алып қарасаңыз да нәтижелі болып шығады.
Ал жұмыс істейтін кәсіпқой мамандарға келер болсақ, олардың өз ашуын билеп-төстей алуы командада жұмыс істеу қабілетін арттырады әрі міндеттерді әділетті түрде бөлуге үйретеді.
Сол себепті ашуды жүгендеу техникасын жете меңгеру тек жеке өмірде ғана емес, сондай-ақ, мәдени еңбек пен отбасында жақсы қарым-қатынасты қалыптастыруда оң ықпал етеді.