Жамбыл ауданы Аса ауылы, «Аманат» партиясының мәжіліс залында ауданға қарасты билер кеңесі өтті. Жиынға ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық соттың судьясы, «Аманат» партиясының төрағасы, аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Дәурен Құттыбаев және ауыл билері қатысты.
Жиналыста қандай дау-дамай болмасын сотқа жеткізбей бейбіт жолда шешу, түсіндірме жұмыстарын жасау, билердің мәртебесі мен рөлін белгілеу болды. Аудан имамы өз сөзінде шариғат жолымен шешуге болатындығын және ауыл имамдары да міндетті түрде ат салысатындығын жеткізді. Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің баспасөз қызметі