Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с ) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.
Алла Тағала: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер ( яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» («Хаж сүресі, 77-аят) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Алла елшісі де ( оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» деп үмбетін ізгілікке шақырды.
Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы Аманбаев Саламат Салимович ауылдағы көмекке мұқтаж жандардың мұң-мұқтаждығын тыңдап, оларға азық-түлік, ет таратты. Көмек корсетілген жандар өдерінің алғыстарын жаудырып, рахметтерін айтты.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі