#Қордай: Зираттарды тазалау жұмысы жүргізілді

#Қордай: Зираттарды тазалау жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында болып өткен «Елдік елге байанысты» семинарында Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбет Біржан Әбдікерімұлы 28 қазан зираттарды тазалау жұмысын бірлесе жасауға аудан тұрғындары мен имамдарға өз үндеуін жасаған болатын.

Осыған орай ел ағасы Әлімбет Біржан Әбдікерімұлы мен ауданның бас имамы Егізбаев Алмұханбеттің бастауымен зираттарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Ислам дінінде зиратқа яғни қабірдің аяқ асты болмауына ерекше көңіл бөлінген. Бұған көптеген хадистер дәлел.

Пайғамбарымыз ( с.ғ.с ) бір хадисінде: «Қабірлерге намаз оқып, үстіне отырмаңдар» десе, тағы бір хадисте: Бірде Амр ибн Хазм деген сахабаның қабір үстіне сүйеніп тұрғанын Расулуллаһ ( с.ғ.с ) көріп, «Оған сүйенбе. Бұл қабірдің иесіне зиян келтіресің» дегені де бар. Олай болса, қабірге сүйенудің өзі  иесіне кесірін тигізетін болса, ондағы тазалыққа селқостық танытып қарау тіпті сорақылық екені сөзсіз. Аталмыш іс-шараға Қордай ауданына қарасты барлық мешіт имамдары, ауылдың ел ағалары мен ақсақал қарияларға дейін қатысып атсалысты.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: