Алла тағала адам баласына ерік берумен қатар, оған жауапкершіліктер де жүктеді. Сол жауапкершіліктердің бірі – Жаратқанның сыйға тартқан сансыз нығметтерінің қадір-қасиетін біліп, оңды-солды шашпай, шүкіршілік ету. Қазіргі кезде елімізде мұсылмандар арасында қайтыс болған адамды жерлеудің жөн-жосығы әрқалай. Осы күні марқұмды жөнелтудегі орынсыз жасалатын жорылғыларды доғару, ысырапқа жол бермеу, мәйітті шариғат жолымен жерлеу үшін белгілі бір жұмыстардың жүргізілуін уақыттың өзі талап етуде.
Осыған орай, Қордай ауданы, Алға ауылында «Қазаны торқалы тоймен шатастырмайық» атты семинар болып өтті. Бұл жиында, , Алға ауылы «Омар» мешітінің имамы Жұмабайұлы Зейне қаралы дастарханды бәсекеге айнылмау, жаназадағы жұмсалатын артық шығын, ысырапшылдықжайлы тілге тиет етті. Бұл жайтқа ауылдың ел ағалары және ақсақал қариялар да белсене аралсып, ақыл-кеңестерін айтты.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі