#Қордай: Ауыспалы жұма үрдісі жалғасын табуда

#Қордай: Ауыспалы жұма үрдісі жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, «Рахман» мешітінің имамы Кеулимжаев Нұрмұхамед Сәбитұлы және Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы Аманбаев Саламат Салимович дәстүрлі ауыспалы жұма бағыты негізінде кезекті ауыл жамағатымен, яғни Сортөбе ауылы «Сортөбе» мешіті мен «Али Мұртаза» мешітіне жиналған жамағатпен жүздесіп, аталмыш ауылда жұма намазын жүргізді.

Жұма намазында «Мұсылманның келбеті қандай болу керек» тақырыбында ұағыз жүргізді. Қасиетті Құранның «Мүминун» сүресінің 1-6 аяттарында Алла Тағала «Расында мүминдер бақытқа жетті. Олар намаздарын хушумен (ықыласпен) оқитындар. Олар бос, пайдасыз нәрселерден аулақ жүретіндер. Олар зекеттерін өтейтіндер. Олар ұят жерлерін сақтайтындар. Олар аманатына, уәделеріне берік болғандар», - деп айтқан.

Имамдар мұсылман адамның келбеті деп танылатын, оның өмірлік негізі ұстанымы болатын ізгі амалдар жайлы келелі ұағыз-насихаттарын айтып, жақсы пайдалы істер жасауға шақырды. Жұма намазынан кейін Құран аяттары оқылып, дұға жасалды.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: